Сайт картасы
қаз

Көненің көзі Тамғалы тас шатқалына мәдени-танымдық, шығармашылық саяхат жасады

10.11.2017

2017 жылдың 5 қарашасында  Т.К. Жүргенов атындағы  ҚазҰӨА «Хореография» факультетінің оқытушылары мен студенттері  Алматы қаласының  маңында орналасқан  ең көрікті  әсем  жерлердің бірі  «Таңбалы» тарихи-мәдени және табиғи мемлекеттік қорық-мұражайы Тамғалы тас шатқалына  ғылыми-танымдық, шығармашылық саяхат жасады.  

Бұл іс-шара кезінде алғаш зерттелген аты әлемге әйгілі ғалым – Шоқан  Уалихановтың тарихи ескерткішімен  жақынырақ танысуға  мүмкіндік берді. Көненің  көзі – өмірдің өзі саналатын Таңбалы тастың   тарихын танып білу барша жастардың тәрбиесі үшін маңызды. Мұндай пайдалы табиғат аясындағы рухани демалыс өнерлі жастардың мәдени деңгейлерін көтерумен қатар  олардың шығармашылық қарым-қабілетін арттыратыны сөзсіз. Академия студенттері қазақ даласындағы қойнауы тарихқа тұнып тұрған
 тарихи және табиғи ескерткіштермен танысып, үлкен әсерге бөленіп қайтты.

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+