Сайт картасы
қаз

«Алаш алыптары» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды

15.11.2017

     2017 жылы 15 қараша күні ҚазҰӨА  оқу театрында  Алаш партиясы мен Алаш Орда үкіметінің 100 жылдығына арналған  «Алаш қозғалысы және  рухани  жаңғыру: идеялық  бірлігі  мен  тарихи  сабақтастығы»  атты Халықаралық  ғылыми-практикалық  конференция  аясында   «Алаш алыптары» атты  кітап  көрмесі  ұйымдастырылды.

       Көрмеге Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметінің тарихы туралы кітаптар, алаш интеллигенциясының өнегелі де ғибратты қоғамдық ойлары туралы құнды зерттеулер, саяси-қуғын сүргін құрбандарына арналған әдебиеттер, мерзімді басылымдар қойылды.

   Көрменің бірінші бөліміне Алаш қозғалысының тарихын баяндайтын «Қазақстан тарихы», «Қазақ көтерілістері», М.Қозыбаевтың зерттеулері, Н.Назарбаев «Тарих толқынында», «Алаш мұрасы» т.б.әдебиеттер қойылған. Кітап көрмесінің екінші бөліміне Алаш партиясының қатарында болған Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М.Тынышбаев, X. Досмұхамедов, Ж. Досмұхамедов, Ж.Арыстанұлы т.б. ұлт зиялыларының шығармалары қойылды.

     Алаш партиясының алдына қойған негізгі мақсаты – дербес, тәуелсіз Қазақ мемлекетін құру, қазақ халқының салт-дәстүрін, тілін, дінін дамыту, Қазақ елін әлемдегі өркениетті елдердің қатарына қосу болды. Алаш зияткерлерінің ұрпақ үшін жасаған қастерлі еңбектері ұлттың тарихында алтын әріптермен жазылып, ұрпақтың жадында мәңгі сақталмақ.

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+