Сайт картасы
қаз

Халықаралық ғылыми-практикалық конференция «Алаш қозғалысы және рухани жаңғыру: идеялық бірлігі мен тарихи сабақтастығы»

16.11.2017

«Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасы

 

Халықаралық ғылыми-практикалық конференция

«Алаш қозғалысы және рухани жаңғыру: идеялық бірлігі мен тарихи сабақтастығы»

 

Конференция жұмысына Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясының оқу, оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректоры, с.ғ.д., профессор Әмірбеков Шәріпбек Ағабайұлы (Алматы қ., Қазақстан), ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институты директорының орынбасары, т.ғ.к., доцент Қашкымбаев Амангелді Нұркеұлы (Астана қ., Қазақстан), ҚР ҰҒА академигі, ҚазҰПУ-нің «Қазақстан тарихы» кафедрасы меңгерушісі, Қазақстан тарихшылары Ассоциациясының президенті, т.ғ.д., профессор Қойгельдиев Мәмбет Құлжабайұлы (Алматы қ., Қазақстан), әл-Фараби ат. ҚазҰУ-нің «Қазақ халқының ежелгі және ортағасырлар тарихы» кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының докторы Омарбеков Талас Омарбекұлы (Алматы қ., Қазақстан), РФ ғылым және техника саласының құрметті қызметкері, Ресей кәсіпкерлік академиясының бірінші проректоры, т.ғ.д., профессор Васильев Дмитрий Валентинович (Мәскеу қ., Ресей), кинодокументалист, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА Умаров Қалила Нематұлы (Алматы қ., Қазақстан), ақын, Халықаралық Алаш әдеби сыйлығының лауреаты, Қазақстан Жазушылар одағы поэзия кеңесінің төрағасы, Ғ. Мүсірепов және С. Мұқанов музей кешендерінің директоры, филол.ғ.к. Қайырбеков Әділғазы Жақсылықұлы (Алматы қ., Қазақстан), филос.ғ.д., әл-Фараби ат. ҚазҰУ профессоры Молдабеков Жақан Жанболұлы (Алматы қ., Қазақстан), мәдениетті зерттеу институтының директоры, «ЮНЕСКО-ның мәдениетаралық диалог» кафедрасының меңгерушісі, Тбилиси мемлекеттік университетінің профессоры, т.ғ.д, Чиковани Нино Иларионовна (Тбилиси қ., Грузия), т.ғ.д., Белорус Мемлекеттік университеті профессоры Меньковский Вячеслав Иванович (Минск қ., Белоруссия), Өзбекстанның Өнер және мәдениет Мемлекеттік институтынан Юлдашева Манзура Бориходжаевна (Ташкент қ., Өзбекстан) сынды танымал ғалымдар, мәдениет, өнер және қоғам қайраткерлері қатысты.

Пленарлық отырыс барысында танымал тарихшылар М.Қ. Қойгельдиев, Т.О. Омарбеков, Д.В. Васильев, А.Н. Қашқымбаевтың «Алаш» партиясының қоғамдық-саяси ролі, «Алаш-Орда» үкіметі мен Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік саясаты арасындағы идеялық бірлік пен тарихи сабақтастық мәселесін, жаңа дәуірлік кеңістіктегі халық тағдырының келешек бағдарының іргелі бағдарламасы саналатын Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа

бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының жүзеге асырылуы жолдарын жан-жақты әрі терең аша білген баяндамалары ерекше қызығушылық тудырды. Сонымен қатар «Алаш» қозғалысының тарихы мен оның қайраткерлері туралы фильмдер топтамасын жарыққа шығару мәселесін көтерген режиссер-кинодокументалист Қ.Н. Умаров пен ақын, Халықаралық Алаш әдеби сыйлығының лауреаты Ә.Ж. Қайырбековтың толғанысты, көркемдік мазмұнды баяндамасы көпшіліктің назарын өзіне аударды.

Конференция барысында 2 секция ұйымдастырылды:

  1. Алаш қозғалысы – рухани жаңғырудың тарихи бастаулары.
  2. Жаңа гуманитарлық білім беру .

Секция отырыстарында келесі мәселелер талқыланды:

- Қазақстан тарихындағы «Алаш» партиясы мен «Алаш Орда» үкіметінің орны, «Алаш» партиясы өкілдерінің өмірі мен қоғамдық-саяси қызметі;

- «Алаш» партиясының тәуелсіздік идеясы мен ұлттық сананың қалыптастыруы ұлттың өзіндік белгілерін сақтау мен қазіргі Қазақстанның рухани жаңғыруының тұғырнамасы;

- Еліміздің жүйелі эволюциялық дамуын көздеген Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік саясатындағы идеялық бірлік пен тарихи сабақтастық;

- Жоғары және орта білім беруді ізгілендіру мен жаңарту, білім беру сапасын арттыру – білім беру мен тәрбие ісінің өзекті мәселелері

Баяндамалар барысында ұлттық мәдениетті, ұлттың өзіндік бірегейлігі мен өзіндік ұлттық кодты сақтау идеясы көтеріліп өтті.

Конференцияның ұйымдастыру комитетіне 60 баяндама келіп түсті. Конференция жұмысының басталуына дейін мақалалар жинағы жарық көрді.

Кафедра Т. Жүргенов ат. ҚазҰӨА кітапханасымен бірге «Алаш арыстары» атты көрме дайындады (алашордалықтардың өмірі мен қоғамдық-саяси қызметіне арналған жаңа кітаптар мен мақалалар).

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+