Сайт картасы
қаз

«Алматының алтын күзі» халықаралық студенттік пленэр көрмесі өткізіледі

17.11.2017

 2017 жылғы 21 қараша сағ. 11.00-де,  КСРО халық суретшісі, ҚазКСР мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ҚазКСР халық суретшісі, ҚР ҰҒА академигі, профессор Тельжанов Қанафия Темір-Болатұлының 90-жылдық мерейтойына арналған халықаралық студенттік пленэрлік  көрме өткізіледі. Пленэрге  ҚР алты ЖОО-нан, төрт шетел ЖОО-ынан студенттер қатысты. Халықаралық студенттік пленэр бағдарламаға сәйкес ұйымдастырған түрде  қызықты да, нәтижелі өткізілді. Студенттер бір-бірімен тәжірибе алмасып,  достық қарым-қатынастарын нығайтып, туындыларымен ерекшеленіп жүлделі орындарға ие болды.

   Көрмеде қойылған шет елден және еліміздің әр өңірден келген  студенттердің  туындылары  өзіндік  колоритімен  бояу түсімен ерекшеленіп, әсем қаламыз Алматының  күзгі көрінісін бейнелеп өздерінің шығармашылық қорын толықтырып, бейнелеу өнер саласына өз үлестерін қосып өнер көк жиегін кеңейте түсті. Пленэрге қатысқан студенттерге шығармашылық табыс тілей отырып, көрмеге келген өнер сүйер қауымның рухани ләззат алып қайтуына сеніміміз мол.

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+