Сайт картасы
қаз

«Алаш қозғалысы және рухани жаңғыру: идеялық бірлігі мен тарихи сабақтастығы» атты конференция өтті

20.11.2017

Биыл Алаш қозғалысының ғасырлық тойы – Алаш ұлттық автономиясының, Алаш партиясының және Алаш үкіметінің құрылғанына 100 жыл толып отыр. Айтулы мерекеге орай қазақтың қара шаңырағы – өнер ордасында  түрлі іс-шаралар атқарылуда. Мемлекетіміз үшін айырықша мәнге ие ерекше мерекені атап өту басталап та кетті.   Алашордашылардың еңбегін өнермен дәріптеу үшін кинотуындыларды, спектакльдерді көбейту керек. Алаш идеясы – мәңгілік идея. Ұлттық идеяның кемеңгерлікпен түзілуі «Алаш» қозғалысын аспандатты. Дұрыс ұлттық идеяға табан тірген алаш зиялылары мен оқығандары қазақ қоғамы тарихының жаңа белесін ашты. Жинақтаған тәжірибесі, ұйымдық қалыптасуы, интеллектуалдық әлеуеті бойынша Қазан төңкерісіне дейін қазақ жерінде бірде-бір саяси күш немесе ағым «Алашордамен» иық тірестіре алмады. 

«Алаштық» елдік рухты байқамау және оны аттап өту – қазақ дүниетанымында ешқашан мүмкін емес! Ұлттық дүниетаным мәселесі «Алаш» танымынан алыстап кете алмайды. «Алаш» идеясы – мәңгілік идея. «Алаш» ұғымы – қазақ танымындағы ең қасиетті ұғым. Бұл туралы «Алаш қозғалысы және Рухани жаңғыру» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда айтылды. Жиынға Қазақстанның кино режиссерлері мен тарихшыларынан бөлек, Ресей, Грузия, Өзбекстан, Белорусь елдерінің ғалымдары қатысты.

Пленарлық отырыс барысында танымал тарихшылар М.Қ. Қойгельдиев, Т.О. Омарбеков, Д.В. Васильев, А.Н. Қашқымбаевтың «Алаш» партиясының қоғамдық-саяси ролі, «Алаш-Орда» үкіметі мен Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік саясаты арасындағы идеялық бірлік пен тарихи сабақтастық мәселесін, жаңа дәуірлік кеңістіктегі халық тағдырының келешек бағдарының іргелі бағдарламасы саналатын Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының жүзеге асырылуы жолдарын жан-жақты әрі терең аша білген баяндамалары ерекше қызығушылық тудырды. Сонымен қатар «Алаш» қозғалысының тарихы мен оның қайраткерлері туралы фильмдер топтамасын жарыққа шығару мәселесін көтерген режиссер-кинодокументалист Қ.Н. Умаров пен ақын, Халықаралық Алаш әдеби сыйлығының лауреаты Ә.Ж. Қайырбековтың толғанысты, көркемдік мазмұнды баяндамасы көпшіліктің назарын өзіне аударды.

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+