Сайт картасы
қаз

Дене тәрбиесі кафедрасы Т.Қ. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА студенттері арасында баскетболдан факультет аралық бірншілік өткізді

20.11.2017

     Кафедра меңгерушісі, профессор Михайлова Светлана Николаевна, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушы Шестернев Александр Сергеевич,  
шақырылған төрешілер және дене тәрбиесі кафедра оқытушылары ашылу шеруінде қатысты.

      Жарыс Т.Қ. Жүргенов атындағы  ҚазҰӨА спорт залында өтті.  6 факультет командасы  қатысты. «Музыкалық өнер», «Кино және Теледидар», «Өнертану», «Кескіндеме,  мүсін және дизайн», және  екі  «Колледж» құрама командасы.

       Жарыс нәтижесі:

1 орын  -  «Кескіндеме,  мүсін және дизайн» факультетінің  құрама командасы

2 орын – «Музыкалық өнер» факультетінің  құрама командасы

3 орын – «Колледж» студенттері   құрама командасы

            Екінші және үшінші орын алған құрама командалар тиісті дәрежелі дипломдармен, медальдармен марапатталды. Жеңімпаз командалар  кубокпен, I дәрежелі дипломдармен, медальдармен марапатталды.

,              Біріншіліктің үздік ойыншылары деп танылды:

   Аманқұл Нұрболат – (2 курс, «Кескіндеме, мүсін және дизайн»)

   Күлеке Атлант – (1 курс, «Музықалық өнер факультеті»)

   Қожанов Тлеуқабыл – ( 3 курс, колледж)            

Ең үздік ойыншылар дәрежелі грамоталармен марапатталды.

 

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+