Сайт картасы
қаз

«Заманауи қазақ кино өнері және рухани жаңғыру идеясы» атты студенттердің ғылыми мақалалар байқауы өтті

20.11.2017

   2017 жылдың 15 қарашасында «Өнертану» факультеті, «Кино тарихы мен теориясы» кафедрасы, «Кинотану» мамандандыруының 1-3 курс студенттері арасында «Заманауи қазақ кино өнері және рухани жаңғыру идеясы» атты ғылыми мақалалар байқауы өтті.

   Байқаудың қазылар құрамында PhD, СДУ қауымдастырылған профессоры Молдияр Ергебеков, PhD, аға оқытушы Алма Айдар, оқытушы Әлімақын Жанболат, Дана Әмірбекова, Гүлім Көпбаева, докторант, М.Әуезов атындағы ОҚМУ оқытушысы Ержан Жұмабеков, «Бродвей» кәсіби кинопорталының бас редакторы және редакторы Мамаева Айдана мен Кегенбаева Мадина болды. Сонымен қатар «кинотану» мамандандыруының 4 курс студенттерінен құралған тәуелсіз бағалау комиссиясы өз таңдауын жасады.

   Бағалау қорытындысы бойынша 1-орынды «Қазіргі қазақ киносындағы жағымсыз кейіпкер» мақаласымен 1-курстың студенті Сембаев Табиғат иеленді. «Дебют» фильміндеріндегі тақырыптық ізденістер (2015-2017)» мақаласымен 3 курс студенті Мырзақұл Ұлдана және «Отандық кинематографиядағы патриотизм» мақаласының авторы, ҚазҰӨУ-нен академиялық ұтқырлық бойынша келіп оқып жатқан 3курс студенті Қапар Әдемі екінші орынды иеленді.

   Байқаудың 3-орынынан «Балапан арнасындағы мультфильмдердің көркемдік ерекшеліктері» мақаласымен Тайжанқұлова Алтынай, «Целеобразность перевода иностранных кинокартин на государственный язык» мақаласымен Жақпаров Қуанышбек және «Отандық фильмдердің, телесериалдардың телеарналарда насихатталуы» туралы жазған Сармантаев Қайыржан көрінді.

  «Бродвей» кинопорталының таңдауына «Нұртас Адамбай фильмдеріндегі әлеуметтік мәселелер» мақаласымен 2-курстың студенті Бақыт Мақпал ілінді. Тәуелсіз студенттік бағалау комиссиясы 1-курстың студенті Әкімжан Айқынға «Қазақ киносындағы субмәдениет» мақаласы үшін өз жүлделерін тапсырды. Бағалау комиссиясы құрамына алғыс айта отырып жеңімпаздарды жүлделерімен құттықтаймыз!

 

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+