Сайт картасы
қаз

Қазақ ҚСР-нің еңбек сіңірген әртісі Людмила Рудакованың 80 жылдық мерейтойы қарсаңында шығармашылық кездесу болды

24.11.2017

   2017 жылдың   22 қарашасында Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы «Хореография» факультетінінің студенттері мен оқытушыларының ұйымдастырумен, сонымен қатар академия ректоры   Нүсіпжанова  Бибігүл  Нұрғалиқызының  қатысуымен   Қазақ ҚСР-нің еңбек сіңірген әртісі, «Тарлан» сыйлығының лауреаты Рудакова Людмила Георгиевнамен 80 жылдық мерейтойы қарсаңында шығармашылық  кездесу өткізілді. Оның Абай атындағы МАОБТ-ғы сахналық бай тәжірибесі,  балет әртістері мен  хореографиялық училищесінің оқушыларымен көпжылдық педагогикалық қызметі, өз кәсібіне деген адалдығы жас өнерпаздар мен студенттерге,  оқытушыларға үлгі болумен қатар талантына деген құрметі күннен күнге арта түсуде.

Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының «Хореография» факультеті  Людмила Георгиевнаны мерейтойымен шын жүректен құттықтайды!

 

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+