Сайт картасы
қаз

Тұңғыш Президент күніне орай «Болашаққа бағдар: Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында пікірталас өткізілді

28.11.2017

    Тұңғыш Президент күні мерекесінің де маңызы ерекше.  Бұл мерекенің тойлануының өзіндік ұлтқа берері мол. Осы мереке арқылы жас ұрпақ Тәуелсіз Қазақстанның тарихын танып, оның ел болып қалыптасу жолында қандай тұлғаның аянбай еңбек еткенін жадында сақтауына үлесін қосады. 1-желтоқсан Қазақстанның шежіресінде үлкен мәнге ие, сондықтан аталмыш датаның Тұңғыш Президент күні ретінде тойлануы заңды құбылыс. 

      27 қараша күні «Экрандық өнер режиссурасы» кафедрасында Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында пікірталас алаңы ұйымдастырылды. Бұл шара «Экрандық өнер режиссурасы» кафедрасының жылдық жоспарының негізінде Тұңғыш Президент күніне арналған тағылымы мол шаралардың бірі. Жиында баяндамашылардың, кафедра оқытушылары және студенттерінің айтқан қызықты пікірлері мен ойлары    мәнді әрі мағыналы болып, қатысушылар ықыласпен тыңдады. 

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+