Сайт картасы
қаз

«Әсеттің асқақ әндері-ай» атты гала-концерт өтті

29.11.2017

Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы «Дәстүрлі музыкалық өнер» кафедрасының ұйымдастыруымен әнші-композитор Әсет Найманбайұлының туғанына 150 жыл толуына орай Әсет әндерінен шеберлік дәрістер, «Әсеттің ән мұрасы» тақырыбында өнертанушы ғалымдар, оқытушылар мен студенттердің қатысуымен  талқы-кездесу, «Әсеттің асқақ әндері-ай» атты гала-концерт өтті. Шара барысында осы білім ордасының  доценті, Мәдениет қайраткері Талғат Мұқышевтың «Сыбызғы үйрену мектебі» атты оқу құралы, аға оқытушысы Әлия Сабырованың «Ежелгі дәуір қазақ музыкасы» және аға оқытушысы Мақсат Медеубектің KOBYZBOOK электронды оқулықтары таныстырылды. 

Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы «Дәстүрлі музыкалық өнер» кафедрасының ұйымдастыруымен әнші-композитор Әсет Найманбайұлының 150 жылдығына орай «Әсеттің ән мұрасы» деген тақырыппен дөңгелек үстел, «Әсеттің асқақ әндері-ай» атты гала-концерт және Әсет әндерінен шеберлік дәрістер өтті.

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+