Сайт картасы
қаз

Өнер академиясында Тұңғыш Президент күніне арналған мерекелік жиын өтті

30.11.2017

 Т. Қ. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы шығармашылық ұжымының ұйымдастыруымен  Тұңғыш Президент күніне орай    мерекелік іс-шара өтті. Салтанатты жиынға қатысушылар мен академия оқытушы-профессорлар құрамы мен студенттерді аудан әкімі  құттықтап, Ұлт көшбасшысы – Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекеттің қалыптасуы жолындағы баға жетпес еңбегіне тоқтала отырып, Тәуелсіз Қазақстанның тарихы, еліміздің жетістіктері мен табыстары елбасы атымен тығыз байланысты екендігін атап көрсетті.

    Аталмыш іс-шараға Алматы қалалық Алмалы ауданының әкімі Естенов  Жасұлан  Тоққожаұлы, әкімнің орынбасары Қуаныш Бақытұлы және бір топ зиялы қауым өкілдері қатысты.  Келген қонақтар Академия  студенттері дайындаған    концерттік бағдарламаларды, театрландырылған көріністерді тамашалады. 

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+