Сайт картасы
қаз

ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» тұжырымдамасы аясында «Ғылым апталығы» өтті

05.12.2017

   Бірінші айналым - Академия студенттерінің қатысуымен “Рухани модернизация ұлттық бірегейлікті сақтау парадигмасы ретінде” көпшілік алдындағы пікір-талас. Іс-шара барысында академия студенттері әзірлеген 6 ғылыми жұмыс тыңдалды. Студенттер өзінің ғылыми баяндамаларында Қазақстандағы тарихи, мәдени, өнер мәселелеріне назар аударып, қазіргі қоғамдағы әлеуметтік-экологиялық және діни проблемаларды көтерді.

 

  2017 жылдың 4 желтоқсанында Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясында ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» тұжырымдамасы аясында дәстүрлі түрде өтетін  «Ғылым апталығы»    «Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасының оқытушы-профессорлар құрамының ұйымдастыруымен өтті

 Екінші айналым - өзара алмасу бойынша әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқып жатқан АҚШ студенттерінің қатысуымен «Қоғамдық сананың өрісі жаһандық әлемдегі ұлттық кодтың тұғырнамасы» атты зияткерлік сайыс, «Өнер магиясы» таланттар шоуы.

«Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасы ОПҚ, «Хореография» факультетімен бірлесе отырып қызықты зияткерлік ойын, Т.Қ.Жүргенов ат. ҚазҰӨА мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттерінің біріккен флешмоб, шетелдік қонақтарға «Қара жорға» ұлттық биі бойынша хореографиялық шеберлік сағатын өтті.

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+