Сайт картасы
қаз

2017 жылы 9 желтоқсанда жетім балаларға арналған балалар үйінде ҚР Президентінің «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының аясында «Армандар орындалады» атты қайырымдылық іс-шарасы өткізілді

11.12.2017

   Қазақ бөлімінің 1-курс магистранттары ө.ғ.к., проф. М.Д.Шаймерденованың басшылығымен Алматы қаласындағы «Жанұя ҚММ» жетім балаларға арналған балалар үйінде аяқталған жоба бойынша (Қазақстан Ресрубликасы Президентінің «Рухани жанғыру» бағдарламалық мақаласы аясында), сондай-ақ тәрбие жұмыстарын жүргізу мақсатында «Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасының оқу бағдарлмасы аясында «Армандар орындалады» қайырымдылық іс-шарасын өткізді.

   Көптеген адамдар үшін, әсіресе жетім балалар үшін қайырымдылық көмек көрсетілуі тиіс, сондықтан да біз магистранттармен бірге қайырымдылық акциясы мақсатында жоба әзірледік. Риясыз көмекке әсіресе балалар үйінде тұратын балалар мұқтаж.

   Магистранттар жоба арқылы қамқорлық пен көмек қажет ететін балаларға қуаныш сыйлады; жағымды және жайлы ахуал қалыптастырды; жетім балаларға арналған балалар үйіндегі бүлдіршіндерге концерт қойып беріп қуаныш пен шаттық сыйлады (ән, би, клоундар, роботтар, жетім балаларды қатыстыра отырып сән көрсету т.б.); балаларға қолда бар материалдардан жеңіл әдістермен әр түрлі ойыншықтар дайындауды үйрететін шеберлік сыныптарын өткізді; ән айтудан, шекті аспаптарда (домбыра, қобыз, гитара) ойнаудан шеберлік сыныптарын өткізді және балаларға қуантып бірге ән салды; сурет салудан, ермексаз бен саздан бұйымдар жасаудан, магистранттардың өздері жасаған ағаш және саз ойыншықтарды бояудан шеберлік сыныптарын өткізді. 

   Алға қойған міндеттердің бірі қаладағы балалар үйлерінің проблемаларын шешуге демеушілер мен жұртшылықты тарту болатын. Магистранттар балалар үйіндегі бүлдіршіндерге арналған қайырымдылық түскі асын ұйымдастыру үшін демеушілерді сәтті тарта білді.

   Қайырымдылық жоба-іс-шарасы аса жоғары тәрбиелік деңгейде өткізілді. Магистранттар балалардың жағымды эмоциялық көңіл күйін концерттің көмегімен жасай білді, шеберлік сыныптарын өткізу арқылы балаларды сурет салуға, ән айтуға, бүйымдар жасауға, тоқуға. фотоға түсіруге т.б. үйретуге тырысты. Сондай-ақ жуынатын бөлмелер мен әжетханаларға арналған кілемшелер, кинотеатрға билеттер тарту етілді және балаларға арнап салтанатты қайырымдылық түскі асы ұйымдастырылды. 

   Қайырымдылық іс-шара магистранттар үшін үлкен резонансқа ие болды. Магистранттар балалар үйінде тұратын бүлдіршіндерге жан-дүниесі мен жүргенін қалай кеңінен аша білу керектігі туралы тамаша тәрбиелік сабақ алды. Сондай-ақ балалар көңілінде армандар орындалатынына деген үлкен сенім орната білуді үйренді – «Армандар орындалады». Қайырымдылық іс-шара үнемі күрделі бола бермейді және ол қарапайым әрі жеңіл болуы керек, сондай-ақ көптеген адамдар үшін, әсіресе жастар үшін дағдыға айналуы тиіс.   

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+