Сайт картасы
қаз

Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген жаттықтырушы, п.ғ.д., профессор Бектілеу Қаражановты еске алу және Қазақ спорт және туризм академиясының 73 жылдығына арналған волейболдан турнир өткізілді

11.12.2017

2017 жылдың 7-8 желтоқсанында Алматы қаласының жоғарғы оқу орындарының оқытушылары арасында Қазақстан Республикасына  еңбек сіңірген жаттықтырушы, п.ғ.д., профессор Бектілеу Қаражановты еске алу және Қазақ спорт және туризм академиясының 73 жылдығына арналған волейболдан турнир өткізілді.

                Жарыс Қазақ спорт және туризм академиясында өтті. Жарысқа 10 команда қатысты.  

 

Жарыстың нәтижелері:

1 орын – Т.Қ. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА құрама команда

2 орын – ҚазҰАУ  құрама команда

3 орын –  ҚазСТА  құрама команда

 

               Жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубоктармен, дипломдармен, тиісті дәрежедегі медальдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

 

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+