Сайт картасы
қаз

2017 жылдың 11 желтоқсан күні Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академия мұражайының салтанатты ашылу болды

12.12.2017

2017 жылдың 11 желтоқсан  күні  Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академия  мұражайының  салтанатты ашылу болды. Академия мұражайында  Өнер оқу ордасынан сыр шертетеін тарихи құнды мәліметтер қойылды

   Академия мұражайы бірнеше бөліктерден тұрады:

  • Қазақ мәдениеті мен өнерінің қалыптасуына үлкен үлес қосқан, 1989 жылы 28 қаңтарда Қазақ КСР министрлер кеңесінің шешімімен Алматы Мемлекеттік театр-көркемөнер институтына есімі берілген қоғам қайраткері Темірбек Қараұлы Жүргеновтың өмірі мен қоғамдық қызметіне арналған стенд.
  • Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясыың оқытылып жатқан барлық мамандықтарына арналған - 12 стенд.
  • Академия факультеттерінің тарихына арналған - 6 стенд.
  • Академи тарихына және ғимараттың тарихына арналған - 6 стенд.
  • Мамандықтарды ашуда және ұйымдастыруда өз жұмыстарын бастаған мэтрлердің өмір жолы мен еңбектерін айтатын экспонаттар.
  • Ортада Тәуелсіз Қазақстанның тарихын бейнелейтін триптих қойылған.

 Болашақта академия студенттері  мен профессор-оқытушы құрамның шығармашылық жұмыстары мен академия жайлы қосымша ақпараттарды көрсетіп отыратын экран қойылмақшы.

   Біз осы жасалған мұражай арқылы Т.Қ. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-сы қазақ өнері мен мәдениетін қалыптастыру мен дамытуда өзіндік орын алатының байқаймыз. Ол білім алатын студенттердің патриоттық тәрбиеде,  ғылыми-зерттеу жұмыстарында, шығармашылық шыңдарын жандандыруда  жаңа қозғалтқыш күш болары анық.

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+