Сайт картасы
қаз

Дене тәрбиесі кафедрасының оқытушылары академияның құрама командасын қалалық жарыстарға дайындау мақсатында спорттық ойын түрлерінен бір қатар кездесулер өткізді

14.12.2017

2017 жылдың 7-12 желтоқсан күндері  дене тәрбиесі кафедрасының оқытушылары академияның құрама командасын қалалық жарыстарға дайындау мақсатында спорттық ойын түрлерінен бір қатар кездесулер өткізді.

7 желтоқсан. Т.Қ. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА мен Нархоз университеті құрама командаларының студенттері ұлдар арасында волейболдан кездесу өтті.

Жарыс Нархоз университетінің спорттық базасында өтті. Кездесу 3:2 есебімен Т.Қ. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА пайдасына аяқталды.

8 желтоқсан.  Т.Қ. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА мен ҚазБСҚА құрама командаларының студенттері ұлдар арасында футзалдан  кездесу өтті.

Жарыс ҚазБСҚА спорттық базасында өтті. Кездесу 3:3 (теңбе-тең) есебімен аяқталды.

9 желтоқсан. Т.Қ. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА мен Нархоз университеті құрама командаларының студенттері қыздар арасында волейболдан  кездесу өтті.

Жарыс Нархоз университетінің спорттық базасында өтті. Кездесу 2:3 есебімен Нархоз университетінің пайдасына аяқталды.

12 желтоқсан. Т.Қ. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА мен Алматы Мемлекеттік энергетика және электронды технологиялар колледжі құрама командаларының студенттері ұлдар арасында баскетболдан кездесу өтті.

Жарыс Т.Қ. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА  спорттық базасында өтті. Кездесу 74:71 есебімен Т.Қ. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА  пайдасына аяқталды.

 

 

 

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+