Сайт картасы
қаз

Тұңғыш Президент күні арналған «Кемеңгер Елбасы – ырысы елімнің» атты поэзиялық-концерттік мерекелік іс-шара өтті

01.12.2017

 

Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясы Бас ғимарат фойесінде Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар кафедрасының ұйымдастыруымен 2017 жылдың 30 қараша күні 1 Желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күні арналған «Кемеңгер Елбасы – ырысы елімнің» атты поэзиялық-концерттік мерекелік іс-шара өтті. Іс-шара барысында студенттер Елбасыға арналған жырлар оқып, Елбасының құрметіне жазылған патриоттық ән шырқады. Студенттер адамгершілік, патриотизм мен азаматтық жауапкершілік турасында мағлұматтар алып, еліміздегі тәуелсіздік идеясының жүзеге асуындағы Президенттің орнына қатысты ойларын тұжырымдады.

 

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+