Сайт картасы
қаз

«Кино және ТВ» факультетінің 1 курс магистранттары "ZHAIK Film Fest"фестивалінен жеңіспен оралды!

15.12.2017

   «Кино және ТВ» факультетінің магистранттары  Қалдыкөз Рахымжан, Жәнібек Мұртазин, Ален Рахметалиев  екінші рет Орал қаласында өткен "ZHAIK Film Fest" фестивалінің жеңімпаздар болып атанды. Фестивальдің қазылар алқасында кинорежиссер  Нариман Туребаев, қоюшы-оператор Шерхан Тансыкбаев, режиссер Максим Кодаров  және режиссер Жасулан Пошанов болды.  «Үздік режиссер» номинациясы бойынша  - «Шыңырау» қысқаметражды фильмімен Рахымжан Калдыкөз, «Қазылар алқасының арнайы сыйын» - «Закрыто на зиму» атты қысқаметражды фильмімен Джанибек Муртазин, «Үздік сценарий» номинациясы бойынша - Ален Рахметалиевтің «Соңғы мұғалім» атты қысқаметражды фильмі жеңіп алды.

Магистранттарымызды жеңіспен құттықтаймыз!

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+