Сайт картасы
қаз

Эфиопия Федеративті Демократиялық Республикасындағы дипломатиялық қызметтің 25 жылдығына арналған салтанатты қабылдау өтті

21.12.2017

   

   Осы жылдың 15-ші желтоқсанында Эфиопия Федеративті Демократиялық Республикасы астанасы Аддис-Абеба қаласында ҚР елшілігінің ұйымдастыруымен ҚР Тәуелсіздік күніне 26 жыл және дипломатиялық қызметке 25 жыл толуына орай салтанатты қабылдау өтті. Бұл іс-шараға арнайы шақырумен келген Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры бастаған Хореография және Музыкалық өнер факультеттерінің студенттері   көптеген елшіліктерден келген қонақтарға    қазақ халқының әсем әндері мен әуендерін орындады. Биші қыз-жігіттер мың ұлтымыздың мың бұралған би өнерін асқан  шеберлікпен  орындап жат жерліктерді бір тәнті етті.

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+