Сайт картасы
қаз

Екі мемлекет арасында қызметтестік туралы Келісімге қол қойылды

21.12.2017

 

2017 жылдың 13-ші желтоқсанында Сербия астанасы Белградта ҚР елшілігінің ұйымдастыруымен ҚР Тәуелсіздігіне 26 жыл және ҚР дипломатиялық қызметіне 25 жыл толуына орай салтанатты қабылдау өтті. Аталмыш салатанатты жиынға Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының Хореография және Музыкалық өнер факультеттерінің студенттері Қазақстандағы Белгард елшілігінің арнайы шақыруымен  қатысты. Академия студенттері еліміздің көптеген елшіліктері алдында         қазақ халқының өнер туындыларын кеңінен таныстырды. Хореография және музыкалық өнер факультеттері  студенттерінің құйқылжыта орындаған   әсем әндері мен әуендеріне, мың бұралған билеріне шетелдіктер қатты тәнті болды. Екі мемлекеттің Академиясы   – Сербияның заманауи мультимедия академиясы мен Т.Қ. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА арасында шығармашылық байланыс орнату туралы Келісімге қол қойды.

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+