Сайт картасы
қаз

Астанада ҚР Ұлттық музейінде «Арт-Дала: кеңістік пен уақыттың келіссөздері» Халықаралық көркем көрме өтті

22.12.2017

   Астанада 2017 жылдың 13 шілдесінде ҚР Ұлттық музейінде ЭКСПО-2017 мәдени бағдарламалар аясында Мәдениет және спорт минстрлігінің ұйымдастыруы және қолдауымен «Арт-Дала: кеңістік пен уақыттың келіссөздері» Халықаралық көркем көрме болып өтті. Көрменің ашылу рәсімінде мәдениет және спорт минстрі Арыстанбек Мұхамедиұлы: «Арт Дала» көрмесінің өзіндік ерекшелігі бар. Көрменің аты қазақтың ұлы дала есімімен тығыз байланысты және бұл атау адамды ерекше рух беріп, алға жетелейді», – деп  айрықша атап өтті.  Шараны ұйымдастырушы Қазақ ғылыми-зерттеу институтына, сондай-ақ Ресей өнертанушыларына алғыс білдіреміз. Барлық өнер иелері мен жас таланттарға үлкен жетістіктерді шын жүректен тілеймін.       

   Қазіргі заман кескіндеме өнеріне деген көзқарастың  тереңдігі халықаралық кураторлардың өнер туындыларының  құрамына негізделген. Олардың қатарында өнертану кандидаты, Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА профессоры Ольга Батурина, Ә.Қастеев атындағы МӨМ директорының орынбасары Анжелика Акылбекова, И.Е.Репин атындағы кескіндеме, мүсіндеме және сәулет өнері Санкт-Петербург мемлекеттік академиялық   институтының «өнертану» факультетінің деканы Светлана Грачева.

    Көрмеде 10 мемлекеттен келген 33 суретшінің 100 суреті қойылған. Көрменің бағыты, стилі және диапозоны авторлардың келген мекен-жайлары секілді ауқымы өте кең   әрі ерекше қызықты. Осындай ауқымды көрмеде қазіргі кезеңдегі кескін өнерінде есімі танымал шеберлердің бағдарламалық туындылары қойылған. Қазақстандық авторлардың қатарында   Гани Баянов, Аскар Есдаулетов, Марат Бекеев, Шамиль Гулиев, Андрей Нода, Владимир Григорьян, Вячеслав Люй-Ко, Евгений Фридлин, Алексей Уткин, Нурлан Бажиров, Асемкул Бейбут, Татьяна Баринова, Жанат Кошен, Нуржан Саутбеков және Марьям Ералиева секілді қас шеберлер бар.

         

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+