Сайт картасы
қаз

Жаңа Жыл құтты болсын!

29.12.2017

 Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясында «2018 - Жаңа Жыл» мерекелік-концерттік  кеш болып өтті. Салтанатты жиында    ректор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор Бибігүл Нүсіпжанова академия студенттері мен қызметкерлерді құттықтай отырып, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің марапаттауларын табыс етті. Сондай-ақ, жылдың соңында академия әкімшілігі өнер ордаcында оқып жатқан студенттер мен оқытушыларды ыңталандыру мақсатында бірнеше номинациялар бойынша марапаттауларды тағайындауды  бекітті.   «Жыл Адамы» номинациясы бойынша  "актер шеберлігі және режиссура" кафедрасының профессоры Асанәлі Әшімов және  кино тарихы және теориясы кафедрасының профессоры Дулат Исабеков марапатталды.  Оларға қазақ салтының дәстүрі бойынша иықтарына шапан жауып, ел алдында құрмет көрсетілді.                

      2017 жылдың қорытындысы бойынша «ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ ТАНЫЛҒАНЫ ҮШІН» номинациясында дәстүрлі музыкалық өнер кафедрасы, «ЖАҢА БАСТАМАЛАР» номинациясында дәстүрлі  музыкалық  өнер кафедрасының меңгерушісі Стамгазиев Рамазан Умиралиевич, «БЕЛСЕНДІЛІК ҮШІН» номинациясында кітапхана басшысы Тутибаева Эльмира Аблекимовна және тағы басқа қызметкерлер  марапатталды! Кеште Академия факультеттерінің қызметкерлері мен оқытушылары қызықты жаңа жылдық қойылымдар қойып, өз өнерлерімен көпшілікті тәнті етті.

      Келе жатқан 2018 жыл құтты болсын, Академия ұжымы!

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+