Сайт картасы
қаз

Мәскеу қаласындағы Борис Щукин атындағы Театр институтынан жүлдемен оралды

03.01.2018

Қараша айының 21 мен  27-ші  уақыты аралығында Т.Қ. Жүргенов атындағы ҚҰӨА «Театр өнері» факультетінің «Актер шеберлігі және режиссура» кафедарсының 3 және 4  курс студенттері Мәскеу қаласында өткен Борис Щукин атындағы  Театр  институтында 15-ші Халықаралық Режиссер-шеберханасы фестиваліне қатысып,   өз өнерлерін ортаға салды. Борис Щукин атындағы  Театр  институты әлемдегі көркем сөз және сценалық сөз сөйлеу шеберлігі, актерлік және режиссерлік шеберлік бойынша ең мықты мектептердің бірі болып саналады. Фестивальге он екі жоғары оқу орнынан келген қатысушылардың барлығына бірдей ортақ тақырып Бертольт Брехттің танымал пьесасы «Добрый человек из Сычуани» болды.  Академия студенттері аталмыш қойылымды сәтті және жоғары деңгейде орындап, конкурстың дипломы мен арнайы жүлделеріне ие болды.  «Театр өнері» факультетінің студенттері мен жетекшілерін жетістіктерімен құттықтаймыз!

Режиссері – 3 курс студенті Өмірбек Әлібек (жетекшісі Н.Дубс);

Асаубай Мағжан – 4 курс студенті (жетекшісі Ізтілеуов Д.);

Тұрлығазы Аслан – 4 курс студенті (жетекшісі Ізтілеуов Д.);

Ибрагимова Шолпан – 3 курс студенті (жетекшісі Аманжанова Г.);

Тұрлығазы Ж. – 3 курс студенті (жетекшісі Аманжанова Г.);

Сұлтанғазы Б. – 3 курс студенті (жетекшісі Аманжанова Г.).

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+