Сайт картасы
қаз

«Театр өнері» факультетінің «Рухани жаңғыруға» арналған жаңа бастамасы Абылайхан атындағы әлем тілдері университетінен бастау алды

03.01.2018

   Елбасының "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" мақаласы аясында 
Абылайхан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті мен  Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы оқытушылары мен студенттері бірлесе отырып, «Ұлт мәдениеті рухани жаңғыру кепілі» атты кездесу өткізді. Жиынға қазақ мәдениетінің дамуына үлес қосып жүрген зиялы қауым өкілдері қатысты. Олардың қатарында Қазақстан Мемлекетіне Еңбек сіңірген мәдениет қайраткерлері Есмұхан Обаев, Дария Жүсіп, Аман Құлбаев, Мемлекеттік жастар сыйлығының лауреатының иегері Еркебұлан Дайыров та бар.  

   Театр өнері факультетінің деканы Аман Құлбаев: «Ағылшын   тілінде спектакльді орындаған кезде оның тілі, ділі, айтылар сөзі, сөз саптаулары ағылшын тілі мамандарының илеуінен өтеді.   Студенттеріміз  шетелге шыққан кезде толыққанды   маман ретінде  ағылшын тілінде  еркін  қазақтың  өнерін ары қарай   әдемі қырларымен, әуезімен өзіміздің өнерімізді жеткізе білсе, әлемге кеңінен таныстыратын болады. Бұл шара Қазақ өнерін дамыту жолындағы   алғашқы бастамалардың бірі болуда» – деп атап өтті.  

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+