Сайт картасы
қаз

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Астана мюзикл» театры Еуропада өз өнерлерін көрсетті

03.01.2018

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы 2017 жылғы желтоқсан айында Франция, Германия, Австрия, Ресей, Бельгия елдеріне гастрольдік турне өткізіп қайтты.

    «Астана мюзикл» театры еліміздің рухани құндылықтарына айналған халық әндері мен халық композиторларының шығармалары, ұлттық операмыз бен классикалық музыкамыздың інжу-маржандары негізінде дала театрының элементтерін пайлана отырып «Ұлы Дала театры» атауымен «Қыз Жібек» этно-фольклорлық мюзиклін ұсынды.

    Мюзиклдің режиссері ««Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы бас директоры, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Асхат Маемиров.

«Қыз Жібек» – Инабат Ризабекова (Т.Жүргенов атындағы ҚҰӨА 4 курс студенті),(жетекшісі Ізтілеуов Д.Ж.)

«Төлеген» - Саламат Мұқашев (Т.Жүргенов атындағы ҚҰӨА түлегі)

«Бекежан» - Аза Мыңбаев (Т.Жүргенов атындағы ҚҰӨА түлегі) 

Мюзиклді «Астана сазы» этнофольклорлық ансамблі сүйемелдейді.

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+