Сайт картасы
қаз

«Рухани жаңғыру – жаңа сапалы білім» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды

12.01.2018

Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академия кітапханасы «Рухани жаңғыру – жаңа сапалы білім» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

2018 жылы қантар айының 8-12 аралығында «Рухани жаңғыру – білім беру мазмұнының жаңаруы – елдің мәдени дамуының болашағы» атты әдістемелік апталық өтті. Шара барысында Академия оқытушы- профессор құрамының ғылыми еңбектері мен  мамандықтар бойынша дайындалған оқулық, оқу-әдістемелік құралдар, көрнекті материалдар  оқырмандар  назарына ұсынылды.

Көрмеге  Рессей және АҚШ-тың «Berklee press» баспасынан шыққан көптеген шығармалар қойылды. Олардың қатарында дәуір  дүрсіліне жүрек қосқан тарихи тұлғалардың     дәстүрлі әндері, «Домбырамен ән айту мектебі», «Жаһан таныған жеті тұлға»  «Вокализдер», драма театры және кино артисі «Алатау әуендері» Жетісу аймағының таңдаулы әндері негізінде опера өнері мен сахна тарихында өзіндік орны бар тұлғалардың «Опера – менің өнердегі бойтұмарым»  және басқа да  құнды ноталар мен қызықты да мазмұнды кітаптар болды.     

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+