Сайт картасы
қаз

Елбасы Жолдауына арналған жиын өтті

15.01.2018

2018 жылдың 10 қаңтарында Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясында   Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан Халқына Жолдауын талқылау жиыны өтті.
          Жолдауда айқындалған мақсат-міндеттер сараланған басқосуға   Академияның профессорлық-оқытушылар құрамы,   құрылымдық бөлімдердің жетекшілері мен бір топ   қызметкерлері  қатысты. Жиын барысында  Академия оқу және оқу-әдістемелік ісі жөніндегі проректоры Ш.А.Әмірбеков     Жолдаудың  мазмұнын   түсіндірді және  талқылады.    
Ол талқылауда Елбасының бүкіл әлем жұртшылығы Төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне қадам басқандығын, жаңа технологиялық қалыптардың өмірімізді, тіпті балаларымызды қалай тәрбиелейтінімізді түбегейлі өзгертуде екендігін,   озық дамыған отыз елдің қатарына қосылу мақсатын және 100 нақты қадам – Ұлт жоспарын дамыта отырып, «Цифрлық Қазақстан» кешендік бағдарламасының маңыздылығын айрықша атап айтты.  

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+