Сайт картасы
қаз

«Денсаулық-2018» Спартакиадасы бағдарламасы аясында үстел теннисінен, баскетболдан факультетаралық біріншілік өтті

15.01.2018

2018 жылдың 13 қаңтарында Т.Қ. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА «Дене тәрбиесі» кафедрасы «Денсаулық-2018» Спартакиадасы бағдарламасында үстел теннисінен, баскетболдан  оқытушылар және қызметкерлер арасында факультетаралық біріншілік өткізді.

 Үстел теннис жарысына 15 адам қатысты.

Үстел теннисінің нәтижесі:

1 орын – Зайнуллин Тұрған «Кескіндеме, мүсін және дизайн» факультеті

2 орын – Байдильда Бауыржан «Кескіндеме, мүсін және дизайн» факультеті

3 орын – Сулейменов Төлеген «Кескіндеме, мүсін және дизайн» факультеті

 Баскетбол жарысына мына командалар қатысты: «Әкімшілік-шаруашылық басқарма», «Кескіндеме, мүсін және дизайн», «Кино және Теледидар»  және «Колледж» құрама командалары.

 Баскетбол жарысының нәтижесі:

1 орын – «Колледж» құрамы командасы

2 орын – «Кескіндеме, мүсін және дизайн» факультетінің құрамы командасы

3 орын – «Кино және Теледидар» факультетінің құрамы командасы

 Жарыстың үздік ойыншылары:

Ягодник  Николай - Кескіндеме, мүсін және дизайн» факультетінің командасының қатысушысы

Абдрашит Айбек -  «Колледж» құрама командасының қатысушысы

Сулейменов Төлеген -  Кескіндеме, мүсін және дизайн» факультетінің командасының қатысушысы

Бекқожын Мурат - «Кино және Теледидар» факультетінің командасының қатысушысы

  Жеңімпаздар тиісті дәрежедегі грамоталармен және медальдармен марапатталды.

  "Денсаулық-2018» Спартакиадасының нәтижелері

   Спартакиадада «Денсаулық-2018» 5 спорт түрінен (футбол, волейбол, шахмат, үстел теннисі, баскетбол) командалық жарыста келесідей орындар бөлінді:

1 орын - «Кескіндеме, мүсін және дизайн» факультетінің құрама командасы

2 орын - «Колледж» құрама командасы

3 орын - «Кино және Теледидар» факультетінің құрама командасы

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+