Сайт картасы
қаз

«Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері»

24.01.2018

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРЛІГІ

Т.ЖҮРГЕНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ӨНЕР АКАДЕМИЯСЫ

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР

 

Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы 2018 жылдың 29 қаңтарында сағат 11.00-де Оқу театрында, «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және насихаттауға бағытталған «Адами капитал: Интеллектуалды ұлт қалыптастырудың рухани негіздері» атты Республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізеді.

 

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ және орыс тілдері

2018 жылдың 26 қаңтарына дейін ұйымдастыру комитетінің kaznai_nauka@mail.ru  электрондық поштасына мақала мәтінін (файлдың атауы: автордың аты-жөні, мақала); конференцияға қатысу үшін өтініш (тіркелген үлгі бойынша) жіберілуі тиіс.

Баяндаманы рәсімдеуге қойылатын талаптар:Баяндама көлемі - 5 бетке дейін,мәтін редакторы Microsoft Word, негізгі шрифт Times New Roman; қаріп өлшемі – 14, азат жол - 1,25 см; жоларалық интервал – 1.Азат жол: жоғарғы жағы - 2,0 мм, төменгі жағы - 2,0 мм, оң жағы - 2,0 мм, сол жағы - 3,0 мм.

Тақырыпты рәсімдеу: ТАҚЫРЫП АТАУЫ (жоғарғы жағының ортасынан – тасымалсыз жазба қалың әріптермен), одан әрі бір жолдан кейін ортасына қарай – автордың аты-жөні;келесі жолға жоғары оқу орнының атауы, қаласы, елі; хабарласу үшін автордың Е-mail (жолдың ортасына); бір жолдан кейін - мақала мәтіні жазылады (аннотация қазақ тіліндегі баяндамалар үщін орыс тілінде; орыс тіліндегі баяндамалар үшін қазақ тілінде жазылуы тиіс. Келесі жолдан негізгі мәтін). Пайдаланған әдебиеттер қолданылу ретіне қарай тік жақшамен беріледі.

 

Конференцияға қатысу жарнасы: 3000 тг.

Конференция жарнасын Панфилов көшесі 127, ҚазҰӨА Бас ғимараты, 26 каб. тапсыру керек. (тел.272 04 99).

Ұйымдастыру комитеті материалдарды жарыққа шығару үшін іріктеу құқығына ие. Ресімдеу талаптарына сай келмейтін немесе ұйымдастыру комитеті берілген уақыттан кеш жіберілген материалдар конференция мақалалар жинағына қосылмайды және авторларға қайтарылмайды.

Баяндаманың ғылыми мазмұнына, стилистикасына, грамматикасына, пунктуациясына Ұйымдастыру комитеті жауап бермейді. Барлық жауапкершілік автордың өзіне жүктеледі.

Конференцияға шығындарын (қонақ үй, жол шығындары т.б.) қатысушылар өздері төлейді.

 

Рәсімдеу үлгісі: шығарып алу

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+