Сайт картасы
қаз

«Мұражай жәдігерлерін атрибуция және сараптама жасау» біліктілікті арттыру курсы болып өтті «Мұражай жәдігерлерін атрибуция және сараптама жасау» біліктілікті арттыру курсы болып өтті

27.01.2018

2018  жылдың 15 – 27 қаңтар аралығында Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы «Кескіндеме өнерінің теориясы мен тарихы» кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты, мұражай танушы, ICOM мүшесі, доцент Мұсаханова Мәдина Зульпұхарқызының ұйымдастыруымен  мұражай және галерея ұйымдарының қызметкерлеріне арналған ЖОО бағдарламасы бойынша  «Мұражай жәдігерлерін атрибуция және сараптама жасау» біліктілікті арттыру курсы болып өтті. Бағдарлама аясында қатысушылар мынадай тараулармен танысты:

1 тарау. Мұражай жәдігерлерін атрибуция және сараптама жасаудың әдістемелерін қалыптасу тарихы.

 2 тарау.  Мұражай жәдігерлерін атрибуция және сараптама өткізудің негізгі талартары.

  3 тарау. Ескерткішті танып білудің негізгі кезеңдері.

  4 тарау. Декоративтік қолданбалы өнері бұйымдарының құндылығын атрибуция және сараптамасының ерекшеліктері

  5 тарау. Қағаз, матадан жасалған бұйымдардың құнын атрибуция және сараптама жасаудың ерекшеліктері.

Курстың ауқымы 72 академиялық сағатты құрайды.

 Біліктілікті арттыру курсының бағдарламасына Шығыс Қазақстан облыстық сәулет -этнографиялы және табиғи- ландшафтық мұражай қорығыны4 қызметкерлері Асель Карчалова және Гулжан Кашаку белсенді қатысты.

 Біліктілікті арттыру курсына қатысушылар мұражай экспонаттарын сараптау және атрибуция жасауда мұражай ісінің қазіргі заман тенденциялары мен талаптарына деген қадамдарды меңгерді.

 Курсты аяқтағаннан соң белгіленген үлгі бойынша сертификат алды.

 Алдағы уақытта біліктілікті арттыру курсына қатысушылардытөмендегі бағдарламалар бойынша келіп түскен тапсырыстар бойынша топқа бөлу алдын ала жоспарланып отыр:

      1."МҰРАЖАЙ БҰЙЫМДАРЫН АТРИБУЦИЯ ЖӘНЕ САРАПТАМА ЖАСАУ

      2."ЭКСКУРСИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДІ ҰЙМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ "

      3."МҰРАЖАЙ ҚЫЗМЕТІНІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТЫ"

 

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+