Сайт картасы
қаз

ҚР Президенті Жолдауына арналған конференция өтті

29.01.2018

Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясында  Жолдауда айқындалған мақсат-міндеттер сараланған «Адами капитал: Интеллектуалды ұлт қалыптастырудың рухани негіздері» атты Республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті. Алматы қаласы әкімдігі, Жоғарғы оқу орындарының басшылары мен ғылыми-зерттеу институттарының мамандары, сондай-ақ аталған университеттің профессорлық-оқытушылар құрамы қатысты. Мемлекет басшысы Н.Ә.Назар­баевтың Қазақстан халқына биылғы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауы Қа­зақстан қоғамында айрықша сер­піліс туғызды. Бұл Жолдау бүгінде еңбек ұжымдарында, білім беру ұйымдарында, ғылыми меке­ме­лерде, басқару органдарында, құқық қорғау, қорғаныс саласында және басқа да құрылымдарда кеңі­нен талқыланып, қолдау табуда. Елбасы Жолдауы Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттыөқ өнер академиясының кеңейтілген  жиналысында да қызу талқыланды. Аталмыш оқу Ордасында  Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы  аясында «Адами капитал: Интеллектуалды ұлт қалыптастырудың рухани негіздері» атты Республикалық ғылыми-практикалық конференция болып өтті.

Конференцияны Т.Қ. Жүргенов атындағы Ұлттық өнер академиясының  ректоры Б.Н.Нүсіпжанова Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы аясында «Адам капиталы   – мемлекет дамуының басты факторы» атты баяндамасымен кіріспе сөзді алды. Жолдау жолдарын толыққанды зерделеп оқып, өз пікірін білдіре отырып, ректор өз сөзінде:   «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына жасаған Жолдауында Елбасы бүкіл әлем жұртшылығы Төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне қадам басқандығын, жаңа технологиялық қалыптардың өмірімізді, тіпті балаларымызды қалай тәрбиелейтінімізді түбегейлі өзгертуде екендігін, жаһандық өзгерістер мен сын-қатерлерге дайын бола отырып, «Қазақстан – 2050» даму стратегиясын, озық дамыған отыз елдің қатарына қосылу мақсатын және 100 нақты қадам – Ұлт жоспарын дамыта отырып, «Цифрлық Қазақстан» кешендік бағдарламасын қабылдауға  баса назар аударғаны болашаққа жарқын жол ашып отыр» – деп айрықша атап айтты.

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+