Сайт картасы
қаз

Ұлт өнерін әсемдікпен ұлықтаған көрме

01.02.2018

Еліміздің Елордасы  – Астана қаласы  20 жаста. Оңтүстік астанада   2018 жылдың 31 қаңтарында   Метрополитеннің «Алмалы»  бекетінде қазақ өнерінің қарашаңырағы Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер  академиясы   «Астананың 20 жылдық» мерейтойы және Елбасының «Рухани жаңғыру»   бағдарламалық мақаласы шеңберінде алғашқылардың бірі болып бастап та кетті.   Академияның «Кескіндеме, мүсін және дизайн» факультетінің профессор-оқытушылары мен студенттері  «Рухани жаңғыру – дәстүрлер сабақтастығы»  атты  шығармашылық көрмесін  көпшілікке ұсынды.  Көрмеде  еліміздің мәдени дәстүрлері мен өмірлік болмыстарын, ой-сезімі мен  ұмтылыстарының жеке тұлғалық сұлулығын  өнер тілімен ұлықтады. Көздің  жауын алатын мүсіндер мен кескіндеме туындыларын қала халқы мен қонақтар қызығушылықпен тамашалады. Академияның Б.Досжанов, Ж.Қайрамбаев,  Қ.Оспанов, М.Жүнісбаев,  Б.Тұрғынбай,  Б.Байділда, С.Тайнов, А.Абжанова  сынды  кескіндеме  өнерінің майталмандары  еліміздің жарқын белестерін әдемі өрнектерімен паш еткен.      Сонымен қатар, бұл көрмеде қазақтың  ұлттық дәстүрлі техникасы негізіндегі ескерткіш туындылары  асқан шеберлікпен бейнеленіп өз үйлесімін тауып тұр.    

Факультет деканы Қазақстан Республикасы мәдениет қайраткері, профессор Бауыржан Байділда: «Көрменің басты мақсаты Қазақстандағы өнерді дамыту,  оның  тарихи  көрінісі, бүгіні туралы жалпылама  терең түсінік беру,   ұлттық өнердің  сәндік үрдістерін көпшілікке танытыру, шығармашылықтағы  ұлттық сарындарды дәріптеу. Сондай-ақ Елбасының  рухани жаңғыру аясында болашақ ұрпақтың   көркемдік эстетикалық танымын арттыру, санасын жаңғырту еді» – деп айрықш атап өтті.       

   Көрмедегі әрбір туынды  ұлттық өнер сабақтастық дәстүрінің жалғасы, рухани жаңғырудың көрінісі. Қазақ  жастарын патриотизмге  үндейтін бірден бір эстетикалық құрал екенін еріксіз ұғасыз.

 Көрмеде жиналған көпшілік «Музыкалық өнер» факультеті студенттерінің «Алатау» ұлттық аспаптар ансамблінің концерттік қойылымын тамашалады. Жерасты қоғамдық көліктің «Алмалы»  бекетінде өткен  шығармашылық көрме ұлттық құндылықтарды ұлықтайтын бірден-бір  жоғары деңгейдегі шара болды.

 

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+