Сайт картасы
қаз

"Кино және ТВ" факультеті студенттерінің академиялық ұтқырлық бойынша есебі тыңдалды

09.02.2018

"Кино және ТВ" факультетінің студенттері Құлахмет Рабат, Баджанова Ақтолқын, Қабышев Бердинияз бен Аимбетов Мансур 21.08-24.12.2017 ж. аралығында академиялық ұтқырлық бойынша Финляндияның "University of Lapland" пен "Oulu University of applied scinces"  университеттерінде білім алды.

          "Дыбысрежиссура" мамандығының студенттері Кұлахмет Р. пен Баджанова Ж. Финляндияның "Oulu University of applied scinces"  университетінде, "Sight and Sound Lab"мамандығы бойынша білім алды.

          Ал, Аймбетов Мансур мен Кабышев Бердинияз Финляндияның "University of Lapland" университетінің "Audiovisual media production" факультетінде білім алды. Студенттер, академияның материалды-техникалық базаның шетелдікінен кем еместігін айтты, сонымен қатар, өздерінің білімге, өз мамандықтары бойынша жаңа шығармашылық алаң тапқандарын айтып, өздерінің тәжірибелерімен бөлісті.

Білім алған студенттерге сәттілік пен шығармашылықта табыс тілейміз!

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+