Сайт картасы
қаз

Eвa Цой, Оспанова Сабина және «All Stars» ансамблі – «Аллилуйя» қазіргі заманғы би композициясы бойынша 1 дәрежелі лауреат иегерлері

13.02.2018

   Екатерина Гамидованың «All Stars» (Алматы қ. Қазақстан) би жобасының қатысушысы Т.Қ. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-ның «Хореография» факультеті  «Хореография режиссурасы» кафедрасының 4 курс студенті Наталья Алещенконың басшылығымен 2018 жылдың 10-15 қаңтар аралығында Абу-Даби қаласында (Біріккен Араб Әмірлігі) өткен  III Халықаралық  фестиваль  «Dancing&Singing Emirates»  конкурсының жеңімпаздары атанды.

     Eвa Цой - «Хореография» номинациясы бойынша  фестивальдің Гран-при жүлдегері, Contemporary (solo),  Оспанова Сабина -  I дәрежелі фестиваль лауреаты - Contemporary (solo),  және «All Stars» ансамблі -  «Аллилуйя» қазіргі заманғы би композициясы бойынша  1 дәрежелі лауреат иегерлері.

     Фестиваль - конкурс Біріккен Араб Әмірліктерімен  Қазақстан Республикасы Елшілігінің және ЮНЕСКО Халықаралық би кеңесінің қамқорлығымен өтті.

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+