Сайт картасы
қаз

Рухани жаңғырудың жаңа міндеттері мен мүмкіндіктері төңірегінде мәнді, мазмұнды ойлар айтылды

21.02.2018

     Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында 2018 жылдың 21 ақпанынада   «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және насихаттауға бағытталған «Рухани жаңғыру – жаңа дәуір талабы» атты Республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті.

      Конференцияға Әмірбеков Шәріпбек Ағабайұлы – Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының оқу және оқу-әдістемелік жұмыстары жөніндегі проректоры, с.ғ.д., Халықов Қабыл Заманбекұлы - Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры, ф.ғ.д, профессор, Симтиков Жомарт Құдайбергенұлы – с.ғ.д, профессор, Абай атындағы ҚазҰПУ Сорбонна-Казақстан институты, Халықаралық қатынастар каф-ң меңгерушісі, Молдабеков Жахан Жанболович –ф.ғ.д., профессор және тағы басқа бірқатар зиялы қауым өкілдері қатысты. Конференция  барысында Елбасы жолдауы аясында қазіргі қазақстандық қоғамдағы рухани құндылықтар мәселелері, рухани жаңғырудың жаңа міндеттері мен мүмкіндіктері төңірегінде мәнді, мазмұнды ойлар айтылды.

 

 

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+