Сайт картасы
қаз

Алғыс айту күніне арналған тоғызқұмалақтан қалалық турнир өтті

02.03.2018

      2018 жылдың 1 наурызында дене тәрбиесі кафедрасының оқытушылары Алматы қаласының жоғарғы оқу орындарының және  колледж студенттері арасында Алғыс айту күніне арналған тоғызқұмалақтан  қалалық турнир ұйымдастырып өткізді.

      Жарыс Т.Қ. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА академиясының  бас ғимаратында өткізілді.  Жарыстың ашылу салтанатына тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер бойынша  проректор Ергөбек Шыңғыс Құлбекұлы, дене тәрбиесі кафедрасының меңгерушісі Михайлова Светлана Николаевна, кафедраның оқытушылары және қатысушы команда өкілдері қатысты.

        Жарысқа келесі оқу орындарының 30 студенті қатысты: ҚазБСҚА, С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті, ҚазМемҚПУ, М.Тынышбаев атындағы ҚазККА, М.Тынышпаев атындағы АКК колледжі,Т.Қ. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА, Инновациялық технологиялар колледжі, Алматы медициналық колледжі, О. Тансықбаев атындағы АСҚӨК,  АҚТК  колледжі және тағы басқалар. Жарысты  төрешілік еткен Қазақстан Республикасының жастар арасындағы тоғызқұмалақтан аға жаттықтырушы Қалдыбаев Азамат Көпсекбайұлы.

          Жарыстың нәтижелері:

1 орын – Идеятолла Ныгметолла -  Алматы құрылыс техникалық колледжінің студенті

2 орын – Жұмасагиева Айгерім -  Т.Қ. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА студенті

3 орын – Багиева Рахима -   Алматы медициналық колледжі.

 Жеңімпаздар мен жүлдегерлер тиісті дәрежедегі дипломдармен және медальдармен  марапатталды.

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+