Сайт картасы
қаз

Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы «Хабар агенттігімен» меморандумға қол қойылды

01.03.2018

"Кино және телевизия" факультетінің ұйымдастыруымен  2018 жылдың 1-ші наурызында  Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының кинозалында «Хабар агенттігі» АҚ директорының орынбасары  Ринат Думанұлы Кертаевпен  шығармашылық кездесу өткізіліп, екі тараптың келісімімен меморандумға  қол қойылды. Бұл  «Кино және телевизия» факультетінің «Теледидар режиссурасы», «Кино және ТВ операторы», «Дыбыс режиссурасы», «Медиажурналистика», «Кино және ТВ режиссурасы, продюссерлігі» мамандықтарында білім алатын студенттерге кәсіби мамандардан шығармашылық бағыт–бағдар алуға, олардың тәжірибелерімен бөлісуге, өндірістік тәжірибені  кәсіби тұрғыда өтуге, телевизияның қыр-сырын  тануға мүмкіндік берді.

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+