Сайт картасы
қаз

Факультет аралық біріншілік халықаралық 8 Наурыз күніне арналды

03.03.2018

      2018 жылдың 3 наурызында дене тәрбиесі кафедрасының оқытушылары Т.Қ. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА студенттері және колледж оқушылары (қыздар) арасында Халықаралық 8 Наурыз күніне арналған волейболдан факультет аралық біріншілік өткізді

         Жарыстың ашылу салтанатына дене тәрбиесі кафедрасының меңгерушісі Михайлова Светлана Николаевна және дене тәрбиесі кафедрасының оқытушылары қатысты. Жарысқа факультетттерден 5 команда қатысты: «Музыкалық өнер», «Өнертану», «Кескіндеме, мүсін және дизайн», «Кино және Теледидар»,  және «Колледж» құрама командасы.

 Бәсекелескен жарыс нәтижесінде орынға былайша бөлінді:

1 орын – «Кескіндеме, мүсін және дизайн» факультетінің құрама командасы

2 орын – «Колледж» құрама команда

3 орын «Кино және Теледидар» факультетінің құрама командасы

     Жеңімпаз команда кубокпен, I дәрежелі дипломдармен және алтын медальдармен марапатталды. 2, 3 орын алған командалар тиісті дәрежелі грамоталармен және медальдармен марапатталды.

 Үздік ойыншылар:

Еркенбек Ақмарал  –2 курс, «Кескіндеме, мүсін және дизайн» факультеты

Айдар Айдана  – 3 курс, «Колледж»

Бегежанова Іңкар  – 4 курс, «Кино және Теледидар» факультеты

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+