Сайт картасы
қаз

Асыл тастан шығар, өнер жастан шығар

22.02.2018

      Ақпанның 22 жұлдызында Т.Қ. Жүргенов академиясының оқу залында "Өнерлі жастар шоғыры" атты өнер- білім сайысы болып өтті. Бұл шараның мақсаты: өнерге деген орасан қызығушылығы бар, талабы мен таланты бірдей шапқан 1-2 курс студенттерінің басын қосып, оларды басқа қырынан танытуға мүмкіндік беру.  Академиямыздағы 6 факультеттің басын қосып, ауызбіршілікте, достықта топтық шығармашылық жұмыспен айналысуға баулу.  Шараға 5 топ қатысты: Операция Ө, Ренессанс, Абсурдный Микс, One Way, ӨнерLand.  Қатысушылар дайындық кезінде де белсенділік танытып, сабақ уақыты мен дайындық сәттерін үйлестіре білді. Осылайша ӨнерLand тобы 1 орынды және "Үздік интеллект" номинациясын, Абсурдный Микс тобы 2 орынды және "Үздік дизайнер"номинациясын, Операция Ө тобы 3 орынды сонымен қатар "Үздік видеоролик" номинациясын  қанжығаларына байлады. One Way тобы "Үздік қойылым" және Ренессанс тобы "Үздік xореограф" номинацияларымен марапатталды. 

  Сайыс 5 кезеңнен тұрды:

  1. Таныстыру. Сайыскерлер топ мүшелерін таныстырып өтеді.
  2. Блиц сұрақтар. Қатысушыларға академия тариxынан, мамандыққа қатысты, музыка үзінділерінен сұрақтар лэдэкранда ұяшықтар арқылы берілген.
  3. Ән-би сайысы. Саxнаға әнді де, биді де үйлесімге келтіріп, өнер көрсету.
  4. Видеоролик сайысы. Әр команда сайыс шарты бойынша дайындаған видеороликтерін көрермендерге көрсету.
  5. Дефилье. Әр топтағы дизайнерлер белгілі бір сән үлгісін саxнаға алып шығады.

Айта кетейік, осындай үлкен шараны ұйымдастыруды қолға алған Студенттік Парламент ұйымының студенттері болатын.  Студенттердің жаңа бастамасына тәрбие ісі жөніндегі проректор Шыңғыс Құлбекұлы қолдау көрсетті. Парламент ұйымының басшысы, оқу ордамыздың президенті, "Өнертану" факултеті Театртану мамандығынЫң 3 курс студенті Қыздарбекова Маржанның басшылығымен сайыс жоғары деңгейде өтті. Қатысушылар барлық сайыс талаптарынан сүрінбей өтіп, өздерін өзгеше қырларынан таныта білді. Дайындық барысында қабілеттері шыңдалып,  қалың көрерменнің ықыласына бөленді.

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+