Сайт картасы
қаз

«Латын тіліндегі қазақ әліпбиі: қолдау және қарсылық білдіру» пікірталасы өтті

05.03.2018

Академияда профессор Шаймерденова М.Д. жетекшілігімен бірінші курс магистранттары дайындаған «Қазақ әліпбиі латын тілінде: қолдау және қарсылық білдіру» атты дебат өткізілді.

«Қазақ әліпбиі латын тілінде: қолдау және қарсылық білдіру» пікірсайыс түрінде өткен іс-шара «Қазақ алфавитін кириллицадан латын жазуына аудару туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы аясында өткізілді.

Жоба қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру мәселесіне арналған пікірталас формасында интеллектуалды ойын түрінде өткізілді. Кинозал фойесінде Академиясының кітапханасы көрме тақырыбы бойынша әдебиеттер ұйымдастырады.

Магистранттар Қазақстан мен Ресейдің бірнеше қаласында практикалық іс сапарлар барысында қарапайым халықтан сұхбат алынды және интернет желісіндегі көрші мемлекет азаматтарының сұхбаттары да материалға қосылды.   Жиналған мәліметтер өңделіп  дебат кезінде түсірілген суреттер түрінде көрсетілген.

Сондай-ақ, қатысушылар пікірталастас кезінде қазақ тіліндегі латын графикасының тарихы туралы әңгімелеп, көрші елдердің тәжрибесін  мысалға келтіре қалай енгізгендігін, олардың тәжірибесін қарастырдық. Дебаттағы үдеріс кезінде     латын қарпі  – бұл объективті түрде қалыптасқан уақыт талабы деген  тұжырымға келдік. Латын әрпіне өту қазақ тілін жаңғыртуға үлкен үлес қосатыны анық. Ең бастысы, латын қарпіне көшу қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды латын әліпбиінсіз зерттеу мүмкін емес. 

Қорытындылай келе, «Қазақ әліпбиі латын қарпінде: қолдау және қарсы болу» дебатымыз табысты өтті деп айтуға болады.  Дебат тақырыбы өте өзекті және іс жүзінде маңызды. Пікірталас магистранттардың жоғары дайындық деңгейін көрсетті, іс-шараның ұйымдастырылуы қатысушылардың қызығушылығын аша түсті және қазақ әліпбиінің жаңғырту аспектілерінің оң және теріс жақтарын аша білді.

Дебаттың тақырыбы ашық қалды, бірақ маңызды болып қала береді. Қорытындысында дебат командаларының "Қарсы"  қатысушылары бұл реформаның қаншалықты  қажетті екенін түсініп,  "Қарсы емес" командасының жағына шықты.

Дебат эксперттері ретінде кинорижиссер Азимов Сергей Жумабаевич, философия ғылымдарының докторы Молдабеков Жахан Жанболович, және бірінші курс магистранты психолог, актриса, НИИ «Луи Пастера» директоры Краснопольская Яна. Сонымен қатар Эстрада вокал кафедрасының концертмейстірі Ким Вячеслав Идорович өз ойымен бөлісті. 

Қатысушылар, сарапшылар, қонақтар, магистранттар, студенттердің қазақ тілін латын жазуы қажет екендігі туралы әңгімелейді.

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+