Сайт картасы
қаз

Педагогикалық тәжірибеге мол кітаптың тұсаукесері өтті

13.03.2018

   2018 жылдың   27 ақпанында Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының кинозалында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, «Хореография педагогикасы» кафедрасының профессоры Алишева   Алила Турсумбаевнаның   кітабының тұсаукесері өтті. Іс-шараға академияның ректоры Нүсіпжанова Бибігүл Нұрғалиқызы және  «Хореография»  факультетінің  магистранттары мен студенттері қатысты.

      Кітапта  әр жылдары автордың ғылыми жинақтарда, журналдарда және Қазақстан, Ресей және Қырғызстан газеттерінде жарияланған мақалалары бар. Көптеген мақалалар хореографиялық  өнер мамандары, әріптестер мен  достарға арналған. Өте бай  педагогикалық тәжірибеге сүйеніп, автор жұмыс әдістерін талдайды және қызықты адамдардың шығармашылық белсенділігіне көзқарасын көрсетеді, бұл оқу процесінде өте маңызды  керек дүние.

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+