Сайт картасы
қаз

Әнші Толқын Забирова «Көктем келді ...» атты концертін әйелдерге арнады

06.03.2018

2018 жылдың 6 наурызында  Т. Қ. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-ның оқу театрында  8 наурызда Халықаралық әйелдер күніне орай                              «Көктем келді ...» атты Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Толқын Забированың «Музыкалық өнер» факультетінің студенттерінің концерт өткізді.

Нұрлыбай Бектеуов, Мәдина Нұрмахаметова, Сабина Какимова, Назерке Қали, Мадина Жұманова, Ержанат Ақыт, Ақнұр Садуасова өз тәлімгері Толқын Забированың тікелей қатысуымен қазақ және орыс композиторларының фильмдер мен ән репертуарларынан танымал романстар мен әндерін орындады.

«Хореография режиссурасы» кафедрасының 2 курс студенттері Нурпеисова Асель, Камбаебаева Ботагөз, Бихлер Герта және Тәуірханова Гулсая концерттік номірлерді койса, «Вагончик тронется…», «Королева красоты», «Ну что сказать…» концерттік номірлерді Кенжебаев Әсел, Кошкина Диана Тегиспаева Ляззат, Рустамбекова Сымбат, Бекенова Ажар, Сон Леонид, Мамут Сапидин, Карев Рустам, Оспанов Ербол орындады.

«Ты меня никогда не забудешь…» атты вокалдық - хореографиялық композициясына  А. Рыбниковтың «Юнона и Авось» рок-операсынан    көрермендерге өз өнерін  Хамзина Мадина және Мамут Сайпидин ұсынды  (жетекшісі «Хореография режиссурасы» кафедрасының доценті                             Д.В. Сушков). Толқын Забированың «Көктем вальсі» әнін Рустамбекова Сымбат, Бекенова Ажар, Карев Рустам және Оспанов Ербол сүйемелдеді (жетекшісі «Хореография педагогикасы» кафедрасының профессоры Алишева А.Т.)

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+