Сайт картасы
қаз

«Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» «Шет тілдері және Қазақстан Халқы ассамблеясы» кафедраларының оқытушыларының «Тарихи достықтан мәңгілік достыққа жеткізген жол

13.03.2018

2018 жылдың 12 наурызында Достық үйінде Қазақстан және Әзербайжан мемлекеттерінің арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 25 жылдығына арналған «Тарихи достықтан мәңгілік  достыққа жеткізген  жол» атты дөңгелек үстел өтті.

Шараны ұйымдастыруға ат салысқандар:  ҚР ҚХА, Әзербайжандар қауымдастығы, Алматы қаласындағы Республикалық Достық үйінің  қызметкерлері.

Қатысушылар: Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сараптама тобының мүшелері, Алматы қаласындағы Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылымының өкілдері, этно-мәдение бірлестіктердің бірлестігінің белсенділері мен басшылығы, Алматы қаласының зиялы қауым өкілдері, жастар.

Т.Қ.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-нан   «Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» «Шет тілдері және Қазақстан Халқы ассамблеясы» кафедраларының оқытушылары қатысты. Академия атынан ғылыми-сараптама тобының мүшесі профессор М.Д.Шаймерденов құқттықтау сөз сөйледі.

 Дөңгелек үстелге Қазақстандағы Әзербайжанның төтенше және өкілетті елшісі Рашад Мамедов сөз сөйледі.

 Негізгі баяндама оқығандар: Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, әзербайжан  қауымдастығының төрағасы Хамедов А.М., Қазақстан күрдтері  қауымдастығының «Барбанг» қауымдастығының төрағасы Мирзоев К.И., Белорусь мәдени орталығының төрағасы Питаленко Л.Н., Қазақстан дұңған қоғамдастығының төрағасы Войнце А.В.

Сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сараптама тобының мүшелерінің арасынан және тағы басқа ұйымдардан  өздерінің жылы лебіздерін білдірушілер болды. Көпшілік алдына сөз сөйлеуге тілек білдірушілердің қатары көп болды. Дөңгелек үстел Қазақстан тәуелсіздігін дамытуға және құруға, екі ел арасындағы достықты нығайтуға үлес қосқаны үшін Әзербайжан үкіметі және Әзербайжан халқының ғылым және мәдениетінің этно-мәдени бірлестігінің өкілдерін марапаттаулар тапсырумен аяқталды.  

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+