Сайт картасы
қаз

Флоренцияның атақты «Museo Opificio delle Pietre Dure» мұражайының мамандарымен кездесу өтті

15.03.2018

   Италия - ғасырлар қойнауынан сыр шертетін жүздеген ескерткіштерін сақтап қалған ел. Тіпті әрбір елді мекеннен орта ғасырлардан біз қалпында бұзылмай жеткен ескерткіштерді қайта қалпына келтіруде әлемді мойындатып отырған халық. Сонау ғасырлар қойнауынан жеткен мәдени мұраларын  сақтауда  олардан көп жұмыстарды үйренуге болады. Осы мақсатта     Т.Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясы кескіндеме және мүсін кафедрасында Италияның Флоренция қаласынан келген «Museo Opificio delle Pietre Dure» мұражайының реставрация саласындағы мамандарының өкілдерімен кездесу өтті. Делегацияның құрамында    мектеп директоры, халықаралық жобалардың менеджері Летисия Монтальбано, археолог, археологиялық қызметтің директоры Анна Патера, itp-халықаралық жобаларды оқытудың үйлестірушісі Аннализа Лисуарди сынды көркемөнер туындыларды қайта қалпына келтіру жұмыстарымен айналысатын мамандар келді.

Кескіндеме, мүсін және дизайн факультетінің деканы, Қазақстан еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Бауыржан Баубек: «Итальяндық  делегация өкілдері    елімізге келіп, зерттеу жұмыстарына қатысуға, археологиялық мұраларымызды алыс шетелдерге көрсетуге, ұлттық тарих беттерін әспеттеуге қатты қызығушылық танытып отыр» -деп айрықша атап айтты.

Итальяндық мамандар өнер академиясына қонаққа келген кезде студенттер мен оқытушы-профессорлар құрамына Флоренцияның ғажайып өнер туындыларын  өңдеу жұмыстарының тарихы мен қыр-сырларын   кеңінен таныстырды.  Сондай-ақ, біздің мамандарды   біліктілікті арттыру, тәлімгерліктен өткізу  бойынша   қызметтестік туралы   меморандум   бекітуге келісті. Кездесудің соңында археолог Крым Алтынбековтың «Крым аралы» шеберханасына саяхат жасады.  Айта кету керек, қазақтың мәдениетіне, кескіндеме және қолөнерінің ғажайып туындыларына     зор қызығушылық танытты.  

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+