Сайт картасы
қаз

Академияның магистранттары мен докторанттары педагогикалық практикадан өтті

15.03.2018

   2018 жылдың 5-наурызында Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында 05.02.2018 және 24.02.2018 аралығында 1-курс магистранттары мен 2-курс докторанттарының   педагогикалық практикасы аясында қорытынды  конференциясы өтті.

   Академияның магистранттары мен докторанттары педагогикалық практикадан өтті

   Педагогикалық практика Академияның бітіруші кафедралары базасында өткізілді. Практика барысында магистранттар мен докторанттар алдыңғы қатарлы оқытушылардың сабақтарына қатысып, кафедраның әдістемелік жұмыстарымен танысты  және оқытушының жетекшілігімен ашық сабақ өткізді. Педагогикалық практика соңында кафедраларда практикада болған магистранттар мен докторанттардың  есептері тыңдалды. Қорытынды конференцияда ЖОО кейінгі білім берудің ғылыми-практикалық орталығының басшысы Г.Ж.Есенбекова  магистранттар мен докторанттардың педагогикалық практика жетекшілері және магистранттар тәжірибе барысы жайлы кеңінен талқылады.

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+