Сайт картасы
қаз

«START in ART.KZ» атты халықаралық шығармашылық көрмесі өтті

16.03.2018

2018 жылы наурыз айының 13-ші жұлдызында сағат 11.00-де  «Рухани жаңғыру» стратегиялық бағдарламасы аясында Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер  академиясының  «Кескіндеме, мүсін және дизайн» факультеті, "Сәндік қолданбалы өнер" кафедрасының студенттері, магистранттары, докторанттарының  «START in ART.KZ»  атты халықаралық шығармашылық көрмесі өтті.

          "Сәндік қолданбалы өнер" кафедрасының студенттері, магистранттары, докторанттары және Ресейдің Гжель Мемлекеттік университетінің студенттері де қатысқан  бұл көрме, жас суретшілердің туындылары өзіне аса назар аудартып және терең қызығушылық тудырды. Бұл жерде әр түрлі буын өкілдері мен болашақ суретшілер «бір сапта» өз өнерлерін ортаға салды. Бұған көз жеткізу үшін "Көркем тоқыма", "Металды және басқада материалдарды көркемдеп өңдеу", «Зергерлік іс», "Ағашты көркемдеп өңдеу", "Көркем қыш" мамандандыру түрлерінің оқу үдерісіндегі шығармашылық еңбектерінен көруге болады.  Әр көрме өнер дамуының көірініс десек , сырт көздің бағалауы, талдауы алға жылжытып тәрбиелейді.

          Көрмеге шығармашылыққа ден қойған жас студенттермен ерекше. Бұл алғашқы үлкен қадам және жас суретшілерге үлгі мен қолдау. Осының өзінде кәсіби мамандардан үйреніп шығармашылық өзіндік жолын іздестеруін көруге болады.

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+