Сайт картасы
қаз

Профессор Ақбол Үдербаева шәкірттерінің жаңа композициялық қойылымдарын көпшілікке ұсынды

01.03.2018

Сахналық тілдің мәселесі уақыт өте келе күрделене түсуде. Ол қазіргі қоғамға сай дамуды қажет етеді. Тіл техникасын меңгеру өз алдына, оны актерлік шеберлікпен ұштастыра білу көп еңбек пен ізденісті талап етеді. Осы орайда сөз сөйлеу жанрының әртісі, ұстаз, «Сахана тілі» кафедрасының профессоры Ақбол Үдербаева  шәкірттеріне сөйлеу мәнерін оқытудың жаңа қыр-сырларын шеберлік сыныбында кеңінен талқылады. Ұстаздың классында дәріс алатын студенттері классикалық шығармалар бойынша композициялық қойылымдарды жоғары деңгейде орындап шықты.  

Әр жанрдың өзіндік ерекшелігі мен дыбыстау мәнері.  Шеберлік-сыныбының мақсаты жүргізушінің микрофон алдында түрлі жанрдағы шығарманы орындауда  сөзді мәнерлі сөйлеу, бет-бейнені қимылдар арқылы әдемі ұстау,  ойды еркін жеткізе білу.

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+