Сайт картасы
қаз

Профессор Дариға Тұранқұлованың шәкірттері Ақын Төлеген Айбергеновті еске алу кешіне арналған композицияларды орындады

26.03.2018

Профессор Дариға Тұранқұлованың шәкірттері жазушылар Одағында өткен ақиық ақын Төлеген Айбергеновті еске алу кешіне арналған композицияларды орындады.

«Бұл қойылымды ойнап шығуға ниет білдірген жастар көп болғанымен, санаулы студенттер ғана таңдап алынды.   Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында  менің классымда оқитын 3 курс студенттері ақынның өлеңдерін шебер орындап шықты.     Ақынның  туған жері Қоңырат қаласы,   ата-бабасының дүниеге келген мекені, табиғаты, Отанға, туған елге деген сүйіспеншілігі туралы   жырларын әсем әуезбен жеткізді. Сондай-ақ, болашақта еліміздің барлық аймағында осы қойылым көрсетуді жоспарлап отырмыз», ­­- ­­ деді   Қазақстанның Еңбек Сіңірген Қайраткері  Дариға Тұранқұлова.

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+