Сайт картасы
қаз

Академияда Наурыз мерекесіне орай дүбірлі той болып өтті

22.03.2018

Академия ауласында Т.Жүргенов атындағы қазақ өнер академияның шығармашылығын ұжымы мен студенттері  Наурыз мерекесін атап өтті. Мерекеге Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы  академияның профессор-оқытушы құрамы мен студенттерін Наурыз мерекесімен құттықтауға арнайы қонаққа келді. Министр аулағаны қойылған көрмедегі "Кескіндеме, мүсін және дизайн"факультетінің ұйымдастырған ұлттық қолөнер туындылары мен бұйымдарымен танысты. Наурызды тойлау барысында мерекелік концерттер қойылды. Сондай-ақ, келген қонақтар мен студенттерге  Наурыз көжесі мен дәмді бауырсақ  пісіріліп көпшілікке мерекелік көңіл күй сыйлады. Қазақы дәстүр мен ұлттық салт сақталған жиынға студенттермен қатар қала халқы   келіп, салтанат сәнін кіргізді.

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+