Сайт картасы
қаз

"Кино және телевизия" факультетінде "Хабар" агенттігінің ТВ режиссераларымен шығармашылық кездесу өтті

30.03.2018

"Кино және телевизия" факультетінің ұйымдастыруымен 2018 жылдың 26-шы наурызында Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының кинозалында "Хабар" агенттігінің  режиссерлары  "телевизия режиссурасы" мамандығының студенттеріне дәріс өткізді. 

Кездесу барысында  студенттер телевизиялық түсірілім барысындағы режиссердың жұмысымен, режиссер мен түсірілім топтың арасындағы міндеттерін, қоюшы-режиссер мен ЖТС режиссердің айырмашылығы туралы, сонымен қатар, түсірілімнің қыр-сырларымен танысып, өз  сұрақтарына жауап алды.

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+